- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді
ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты - ата-аналардың өскелең ұрпақтың азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы рөлін белсендіру. Ашық баяндамаларды ұсынудың міндеттері - қоғамдық институттардың отбасы мен мектептің баланың жеке басын тәрбиелеудегі өзара ықпалдастығының негізгі стратегиялық бағыттарын шығару үшін күштерін біріктіру, ата-аналар қоғамдастығының республиканың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелеу процесіндегі рөлін арттыру және білім беру мекемелерін басқару және білім беру процесінде ата-аналардың құқықтарын іске асыру.
Онлайн-шараның мақсатты аудиториясы - ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, педагогтар мен білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру бөлімдері мен басқармалары, аумақтық әкімдіктердің өкілдері, кәмелеттік жасқа жетпегендер және олардың құқығын қорғау ісі бойынша аумақтық комиссиялардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері, БАҚ.
Қоғамдық тыңдаудың өткізілуін іске асыру педагогтар мен ата-аналардың білім беру процесіндегі білім беру қажеттіліктері мен позицияларын шығаруға, отбасы мен мектептің тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытын анықтауға, отбасы мен мектептің өзара ықпалдасуының шығарылған бағдарламаларының іске асырылуын талдау мүмкіндігін береді.
Пікірталас ата-аналардың пікірін еске алып, тәрбие беру бағдарламаларына түзетулер енгізуге, отбасымен өзара ықпалдасудың нәтижелі әрі инновациялық үлгілерін үнемі іздеп отыратын педагогтардың мәртебесін өсіруге, педагогикалық тәжірибені жинақтау үшін жағдай жасау, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарды марапаттауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні тіркеледі. Тыңдауларды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады. Кеңес барысында орнатылған тәртіпке сәйкес ниет білдіргендердің бәрі сөз сөйлеп, баяндамашыларға сұрақтар қояды. Баяндамашылар қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар