• Басты
  • БҰҰ ДБ ҚР-да құрылыс жүргізуге рұқсатты энерготиімділік есепке алынған жағдайда беруді ұсынуда
4 Қараша, 2015 10:39

БҰҰ ДБ ҚР-да құрылыс жүргізуге рұқсатты энерготиімділік есепке алынған жағдайда беруді ұсынуда

«Қазақстанда тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілету» халықаралық конференциясы өтуде. Ауқымды шара Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауы аясында жүзеге асырылған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салу» бірлескен жобасын қорытындылауға бағытталған.
БҰҰ ДБ ҚР-да құрылыс жүргізуге рұқсатты энерготиімділік есепке алынған жағдайда беруді ұсынуда

ЖЭҚ/БҰҰДБ энерготиімділік бойынша жоба үйлестірушісі  Александр Белый «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында жүргізілген жұмыстар туралы жан-жақты айтып берді.

Аталмыш жобаны дамыту қалай жүргізілді?

- 2011 жылдан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда ЖЭҚ-тың қаржылай қолдауы арқылы ҚР Үкіметіне тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілетуде көмектесіп келді. Осы жылдары бірқатар жұмыстар бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Жақсарту, энерготиімділік бойынша бірқатар нормативтерді орындау, жаңа ерікті «жасыл» стандарттарды енгізу.  Сонымен қатар, нысанды энерготаңбалау сынды шешімдер сынақтан өткізілді, энерготұтыну және нысан секторында парникті газдарды шығаруға мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық жүйе жасақталып, Астанада сынақтан өткізілді.  Сонымен қатар энерготиімді насандардың құрылысын жобалау  бойынша кеңестер  жасақталды. Шешімдер жинағы мемлекеттік сараптаманы жобалаушылар арасында қаралды. Сонымен қатар 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР-да енгізілген жобаның қатысуымен жаңа құрылыс стандаттары жасақталды (ЖЖҚС). Ол ғимараттардың энерготиімділік талаптарын қатайтады.

Жобаны жасақтауға не түрткі болды?

- Көрсету жобалары электр энергияны тұтынуда қаржыны үнемдеу бойынша жекеменшік иелері үшін тиімділік көрсетті.  Қазақстан «Жасыл» экономикаға көші тұжырымдамасын қабылдады, сонымен қатар «Қазақстан-2050» бағдарламасы да қабылданды. Онда Қазақстан ЖІӨ-нің  энергосыйымдылығын төмендетуге ұмтылуы керек деп көрсетілген. Энергосыйымдылық тек өндіріс пен индустрияда  ғана емес, сонымен қатар ТКШ-да бар. Егер инфрақұрылым энерготиімді болмаса онда бәсекелестік туралы айтуға мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан парникті газдарды шығаруды төмендету бойынша ерікті түрде өз мойнына міндеттемелерді алды – мұның барлығы ҚР Үкіметінің назарын энерготиімді құрылысқа  аударды.

Жобаны жасақтау барысында оны құрылыс компанияларына енгізуге немесе ұсынуды жоспарладыңыздар ма?

- Жобаны жасақтау барысында құрылыс компанияларымен келісім шартқа отыру міндеті қойылмады. Жоба ұйымдастырушылық, индустриалды болып табылады. Біз энерготиімділікті көрсетеміз және оны ҚР Үкіметіне ұсынамыз. Бүгінгі конференцияда бірқатар жобалар бойынша негізгі кеңестер беріледі. Бұл кешенді тақырып. Құрылыс және бақылау, нормативтерді орындау, әлеуетті дамыту, студенттерді, мамандарды (монтаждаушылар, құрылысшылар) оқыту.

ҚР Үкіметі өз мойнына қандай міндеттемелерді алып отыр?

- БҰҰДМ нәтижелерді ұсынады, ҚР Үкіметі кеңестерді қолдануға тырысады. Мысалы, біз құрылыс туралы шешімді қабылдау процесін жетілдіру керек деген шешім қабылдадық. Бүгінде тұрғын үй салынып жатқанда құрылысқа рұқсат беріледі, алайда энерготиімділік туралы бірінші кезекте ойламайды. Біз құрылыс жүргізуге рұқсат бергенде энерготиімділіктің санатын бірден көрсетуді ұсынып отырмыз.  Бұл энерготиімділік желісі бойынша тұрғын ұй құрылысы процесін жылдамдатады. Қазақстанның көптеген қалаларында электр немесе жылу энергиясына тапшылық немесе шамадан көп тыс мөлшері сезіледі. Энерготиімді нысандарды тапшылық сезіліп жатқан аймақтарда салу керек. Үкімет бұл кеңестерді талқылауға және заңнамаға міндетті талап  ретінде енгізуге алады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Ботагөз Айтжанова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды