- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өтеді
Қазақстан қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өтеді
Тиісті Меморандумға бүгін Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының 2-отырысы барысында ҚР ИДМ мен Минералды шикізат қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарты жөніндегі Комитеті (CRIRSCO) қол қойды.
«Қатты пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандартына өту Қазақстанның тау-кен саласының инвестициялық тартымдылығы мен бәсекелестігін айтарлықтай арттырады. Жаһандық экономикалық дағдарыс және кен өндіру саласына шетелдік инвестиция тарту үшін бәсекелестік жағдайында инвесторлардың минералды ресурстар туралы мәліметтерге сенімділігі инвестиция туралы шешім қабылдауда аса маңызды фактор болып табылады», - делінген хабарламада.
Қол қойылған Меморандумның мақсаты Қазақстанның минералды ресурстары және минералды қорлары туралы геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы жөніндегі ашық есеп беру Кодексін (KAZRC Кодексі) әзірлеу мен жүзеге асыруда тараптар арасында ынтымақтастық орнату болып табылады.
CRIRSCO талаптарына сәйкес, қазіргі уақытта қызметі жер қойнауын пайдаланумен байланысты ұйымдарды біріктіретін ресурстар мен қорлар туралы есеп беру жөніндегі тәуелсіз ұлттық ұйым KAZRC қауымдастығы құрылуда.
KAZRC қауымдастығының CRIRSCO-ға мүшелікке қабылдануы қазақстандық стандарттардың халықаралық деңгейде мойындалуын білдіреді. Сондай-ақ, шетелдік және отандық инвесторлар үшін минералды-шикізат секторының рейтингін көтереді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары