- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО техникалық регламентінің «мұнайлы» жобасы әзірленді
ЕАЭО техникалық регламентінің «мұнайлы» жобасы әзірленді
Құжат мұнайға адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды оның міндеті мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу, энергиялық тиімділік пен қорды сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында қойылатын талаптарды белгілейді.
Атап өткендей, құжат мұнайдың құрамында күкіртті сутек, метил, этилмеркаптандар және басқа да бірқатар қауіпті химиялық қосындылардың болуын шектейді.
Техникалық регламент сондай-ақ мұнайдың ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына сәйкестілігін растау ережелерін анықтайды. Бұл талаптарға сәйкес болып, сәйкестілік бағалау процедураларынан өткен шикізат Одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануға жатқызылады. Бұл белгі мұнай төлқұжатына енгізіледі.
Техникалық тәртіп айналымға шығарылып, Одақ елдерінің аумағында айналымда болған мұнайға таралады. Мемлекеттік тапсырыспен және ЕАЭО сыртына экспортқа жеткізілетін мұнайға таралмайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасына сәйкес, техникалық тәртіп жобасын көпшілік болып талқылауға ЕЭК-тың ресми сайтында оның әзірленуі туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн беріледі. ЕАЭО мемлекеттерінің және үшінші елдердің қызығушылық танытқан тұлғалары ескертулер мен ұсыныстарын комиссияға жолдай алады.
Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық тәртібін іске қосуды енгізудің шамаланып отырған мерзімі - 2017 жылдың 1 наурызы.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы