• Басты
  • Қарағанды облысында жыл басынан бері 40 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды – әкімдік
4 Қараша, 2015 11:09

Қарағанды облысында жыл басынан бері 40 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды – әкімдік

Қарағанды облысында жыл басынан бері 40 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады әкімдік.
Қарағанды облысында жыл басынан бері 40 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды – әкімдік

Жергілікті халықтың жұмысқа орналасуына көмектесу бойынша Кешенді жоспарға сәйкес 2015 жылы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандардың қатарынан 36 346 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері 41 851 адам жұмыспен қамтылды немесе жылдық жоспардың 115%. Олардың ішінде бекітілген жоспар 15 186 адам бола тұра  25 681 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Уақытша жұмыстарға  14 608 азамат орналастырылды немесе жоспардың 74%.

Айта өтейік, қалалар мен аудандарда тұрақты жұмыспен 10 495 адам артығымен жұмыспен қамтылды. Бұл өз кезегінде жылдық көрсеткішті орындауға оң әсер етті.

Бұдан басқа, жұмысқа орналасу бойынша мемлекеттік шаралармен 11 851 азамат қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларысыз 29 093 адам жұмысқа орналастырылды. 

«Нұрлы жол», «Агробизнес-2020», «ЖҚЖК-2020», «Жасыл ел» сынды мемлекеттік салалық бағдарламалардың жобаларына жұмыспен қамту қызметтері 907 адамды тартты.

Барлық жаңалықтар