- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ұлыбритания қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды
Қазақстан мен Ұлыбритания қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды
Қазақстан тарапынан Шартқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев, британиялық тараптан – Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд қол қойды.
Тараптар құжатқа қол қою қылмыскерлікке қарсы тұру саласындағы екіжақты серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін және екі жақтың да құзыретті органдарының қылмыстық-құқықтық саладағы жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.
А. Дауылбаев осы оқиға қазақстандық-британдық құқықтық ынтымақтастықтың кеңейтуінде, екі елдің қылмыспен күрестегі күштерін біріктірудегі тарихи маңызды болғанын атап айтты.
Осы күні Ұлыбританияның Қылмыстылыққа қарсы ұлттық агенттігінің Бас директоры Кейс Бристоумен кездесу өтті, соның барысында өзара қызығушылық тудыратын сұрақтардың кең ауқымы талқыланды.
Кездесу қорытындылары бойынша А. Дауылбаев пен К. Бристоу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ұлыбритания мен Солтүстік ИрландияныңБіріккен Корольдігінің Қылмыскерлікке қарсы Ұлттық агенттігі арасындағы өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжаттар қазақстандық және британдық уәкілетті органдарға қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу, қылмыстық қудалау және ескерту саласында бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қолдану, техникалық және криминалистік әлеуетті кеңейтуді қоса алғандағы құқық қорғау қызметіндегі озық тәжірибемен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Ірі алаяқтық қылмыстармен күрес жөніндегі кеңсесінің директоры Дэвид Гринмен кездесуінде Қазақстанның Бас Прокуроры трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және киберқылмыспен күрес саласындағы өзара ықпалдастықты қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға мүдделілігін білдірді. Экономикалық қылмыстарды, ақша қаражатын жылыстату және қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары