• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да «жасыл» бастамаларды қолдау мақсатында ауыл жастарының форумы өтті

ШҚО-да «жасыл» бастамаларды қолдау мақсатында ауыл жастарының форумы өтті

4 Қараша, 2013 10:20
31 қазаннан 2 қарашаға дейін ШҚО Үржар ауылында «Жасыл» бастамаларды қолдаушы жастар» атты ауылдық жастарының Форумы өтті, деп хабарлайды «Жандану» жобасының баспасөз қызметі.

«Шараға Үржар ауылының тұрғындары мен Үржар ауданының 27 ауылдық әкімшілік орталығының  өкілдері қатысты. Форум аясында «Оқушылардың көзімен «Жандану» жобасы», «Жастар және ЭКСПО-2017: бүгін мен ертеңнің энергиясы», «ЭКО-марафон – ЭКО-зерделілік!», «ЭКО-туризм – жастардың жаңа бренді» секілді байқаулар ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауылдық мектеп оқушылары «Мендік» экология» тақырыбында ой толғауларын да байқауға ұсынды.

Бұдан бөлек Үржар аудандық жастар орталығы жетекшісі Берік Жолдахметов аудандағы экотуризмнің жандануы жобасын ұсынды. Оның айтуынша аталмыш ұсыныс өңірдегі «жасыл» экономиканың аяққа тұруына жағдай жасап, шеттен инвестиция тартуға жол ашпақ.

Ауыл жастары да қарап қалмай, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнайы дайындаған жобаларын жұрт назарына ұсынды. Ал «Астана – ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы өз кезегінде жастарға халықаралық көрмені егжей-тегжейлі түсіндірді.

Келесі ауыл жастарының ЭКО-форумы 12-15 қараша аралығында Қарағанды облысында өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш форум Әлия Назарбаеваның «Жандану» ЭКО-жобасының  аясында өткізілді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар