• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: «Арселор Миттал» компаниясынан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етіледі

Н.Назарбаев: «Арселор Миттал» компаниясынан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етіледі

4 Қараша, 2015 09:21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде металлургия саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.  

Қазақстан Президенті әлемдік шикізат нарығындағы қазіргі өзгерістер салаға әсер ететініне назар аудара отырып, осыған байланысты компаниядан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етілетінін атап өтті.

Л.Миттал шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

 

Барлық жаңалықтар