• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен Саид Дарваза фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Н.Назарбаев пен Саид Дарваза фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады

4 Қараша, 2015 09:14
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хикма Фармасьютикалс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Саид Дарвазамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Елбасы компанияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының мемлекетіміз үшін елеулі маңызы бар екенін айтты.

С.Дарваза өз сөзінде республикамызда фармацетика саласының даму әлеуеті зор екеніне назар аударды. 

 

Барлық жаңалықтар