- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті мен «Рио Тинто» компаниясының бас директоры геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуын талқылады
ҚР Президенті мен «Рио Тинто» компаниясының бас директоры геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуын талқылады
4 Қараша, 2015 09:07
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Рио Тинто» компаниясының бас директоры Сэм Уолшпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асырудың негізгі аспектілері қарастырылды. Тараптар сондай-ақ заманауи іздеу және барлау технологияларының трансферті, сондай-ақ Қазақстан мамандарын оқыту сияқты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Мемлекет басшысы бірлескен жұмыстың жемісті әрі табысты болатынына сенім білдірді.
«Қазақстан аумағы ресурстарға бай. Осыны ескере отырып, Сіздің компанияның жұмысынан зор нәтижелер күтеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
С.Уолш компания Қазақстанда біраз уақыттан бері жұмыс істейтінін және «Рио Тинто» үшін біздің ел қызығушылық тудырып отырғанын айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары