• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен «Шелл» концернінің директоры ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқыланды

Н.Назарбаев пен «Шелл» концернінің директоры ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқыланды

4 Қараша, 2015 08:53
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы компания біздің елімізге келгелі бері бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырғанын, соның арқасында Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанын атап өтті.

Б. ван Берден өз сөзінде біздің республикамен ынтымақтастық концерн жұмысының басымдығы бар бағыттарының бірі екенін айтты. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады. 

 

Барлық жаңалықтар