- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Британия бизнес форумының қорытындысы бойынша 5 миллиард доллардың келісімшартына қол қойылды - Елбасы
Қазақстан-Британия бизнес форумының қорытындысы бойынша 5 миллиард доллардың келісімшартына қол қойылды - Елбасы
Брифинг барысында Елбасы Қазақстан тарапына сапар аясында айрықша жоғары құрмет көрсетіліп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Біріккен Корольдік екіжақты қарым-қатынастар дамуының осы кезеңінде Қазақстанға 12 миллиард доллар инвестиция салғанын, қазір елімізде британ капиталының қатысы бар 500 компания жұмыс істейтінін атап өтті.
«Осы жаңа ғана Қазақстан-Британия бизнес-форумы аяқталды. Кешке қарай Британия бизнесінің «капитандарымен» кездесу өтеді. Бұл біздің ел үшін аса маңызды деп ойлаймын. Іскер топтарымыз құны 5 миллиард доллар болатын келісімшарттар мен меморандумдар жасасты. Бұл жобалардың барлығы Қазақстанның шикізаттық секторын дамытуға ғана бағытталып отырған жоқ», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сапар барысында қол қойылған келісімдер мазмұнына тоқталып, бұл құжаттардың болашақтағы дамуға бағытталғанын айтты. Соның ішінде газ, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы бірлескен жобалар атап көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаев Британия тарапымен Астана және Лондон арасында қосымша әуе рейсін ашу туралы келісім жасалғанына назар аударды.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер, соның ішінде Украина мен Таяу Шығыстағы ахуал қарастырылғанын да атап өтті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді