- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті британдық компанияларды қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды
ҚР Президенті британдық компанияларды қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды
Іс-шараға сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмерон қатысты.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен бүгінде мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық саясат туралы әңгімелеп берді.
Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шекарасының ұзақтығы мен жерінің кеңдігі Еуразия кеңістігінде маңызды стратегиялық және көлік-логистикалық қызмет атқаруға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Мемлекет басшысы елде 100-ден аса этнос өкілдері тұрып жатқанын, осы уақыт ішінде олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері сақталғанын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп отырғанын да атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдарындағы экономиканың даму қарқыны туралы да айтты.
«Осы кезеңде халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі 700 доллардан 13 мың долларға дейін ұлғайды. Бұл біз үшін зор табыс деп есептейміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның 90-жылдары экономиканы жекешелендірудің аса ауқымды шарасын жылдам әрі зор табыспен өткізгені де айтылды.
Мемлекет басшысы бүгінде экономикамызды дамытудың жаңа кезеңі келгенін атап өтті.
«Қазір дағдарыс, энергия тасымалдаушы өнімдер бағасы төмендеді. Мен мұндай жағдайды болжадым, өйткені бұл – капиталистік экономиканың циклды дамуындағы заңдылық. Осы жағдайда біз елді жаңғырту үшін Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» жоспарын әзірледік», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қол қойылған Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімді жоғары бағалайтынын атап өтті және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру жоспары туралы айтты.
«Бұл жобаға британдық компаниялардың қатысуы аса маңызды болады деп ойлаймын», – деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру, «Жаңа Жібек жолы» жобасына қатысу үшін қолға алып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Соңында Мемлекет басшысы британдық компанияларды бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
«Біз Лондоннан ештеңе сұрамаймыз. Сіздерді Қазақстанға келуге және бізбен бірге табыс табуға шақырамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды