Алматыда «Таза қала» акциясы басталды

4 Қараша, 2013 09:59
Алматылық полицейлер 4-10 қараша аралығында «Таза қала» акциясын өткізеді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Шара аясында полицейлер бей-берекет сауда жасалатын орындары, кәуап, санитарлық талаптарға сай келмейтін донер мен басқа да тағам түрлері дайындалатын дүңгіршектер анықталып, олар жабылатын болады. Кейбір азаматтардың қоғамдық орындарды, саябақтар мен гүлзарларды қасақана ластап, қоқыс тастайтыны белгілі болды. Бұған қоса учаскелік инспекторлар контрафактілік өнімдер саудасымен айналысатындарды анықтайды»,-деп хабарлады Алматы қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасы өкілдері. Негізінен 16-25 жас аралығындағы жастар көпшілік жиналатын орындарға қоқыс тастап, спирттік ішімдіктер ішеді, түнде тыныштық сақтамай қоғамдық тәртіпті бұзады»,-делінген хабарламада.

Хабарламада нақтыланғандай, шараның басты мақсаты санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау және оның алдын алу. Барлық қызметтер мен ведомстволардың қызметін үйлестіріп, келіп түскен мәліметтерді жинаумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

 

Барлық жаңалықтар