- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Н.Назарбаев Ұлыбританияның Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
ҚР Президенті Н.Назарбаев Ұлыбританияның Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан үкіметінің мүшелері британ тарапымен маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.
«Осы бір күрделі кезеңде Сіздің ел жетістіктерге жетіп отырғанын атап айтқым келеді. Менің сапарымның бағдарламасының тығыздығы біздің қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді», – деді Мемлекет басшысы.
Д.Кэмерон инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында Қазақстанның керемет табыстарға жеткеніне назар аударды. Ұлыбритания Премьер-министрі сондай-ақ бүгінде елдеріміздің келіссөздер өткізетін мәселелер аясы кең екенін айтты және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды жүзеге асыру жайын талқылауға ниетті екенін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарт; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шарт.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда