- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандының студенттері мен оқушылары әскери ант қабылдады (ФОТО)
Қарағандының студенттері мен оқушылары әскери ант қабылдады (ФОТО)
Алғашқы әскери дайындық бағдарламасының түлектері әскери-патриоттық тәрбиелеуге оқып-үйренуде, әскери-кәсіби және спорттық дайындықтан өтуде, спецификалық әскери пәндерді оқып-үйрену шеберлігі мен әдістемесін меңгеруде. 1996 жылдан бастап кафедра «алғашқы әскери және дене даярлығының оқытушысы» біліктілігі беріле отырып, «бастапқы әскери және дене даярлығы» мамандығы бойынша студенттерді дайындауды бастағанын айта кетейік.
«Жас сұңқар» әскери-спорттық клубының қатысушылары іс-шара қонақтарына қарумен саптық айла-тәсілдер көрсетті, ал бастапқы әскери дайындық кафедрасы студенттерінің орындауында әскери-патриоттық әндер шырқалды. Дәл осы күні №58 орта білім беру мектебінде мектептің 5 эксперименталдық сыныптың 58 оқушысының кадеттердің антын қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты түрде және құрметті меймандардың қатысуымен кадеттер салтанатты түрде ант берді.
Мерекеге жиналған қонақтардың көптеген тілек-лебіздері мен тәлімдемелерінен кейін оқушылар барша қауымды вальспен қуантты, оларға Әлиялық сыныптардың шәкірттері қолдау танытты. 2013 жылдан бастап бұл мектепте ұлдар мен жеке қыз балаларға арналған кадеттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын эксперименталдық сыныптар ашылғанын айта кеткен жөн. Шақырылуға дейінгі жастардың қатысуымен іс-шараларды өткізу Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметінің негізгі аспектілері болып табылады.
Бұл Департаменттің ұйымдастырушылық қызметінде негізгі күш-жігер жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыруға, Қазақстан Республикасы қорғаушысының оң имиджін қалыптастыруға, әскери кәсіптің беделін нығайтуға және әскери қызметті уәждеуге бағытталғанмен байланысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері