• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды – әкімдік

Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды – әкімдік

3 Қараша, 2015 20:24
Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс денсаулық сақтау бюджеті 35,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде кепілді тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 33,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға артық (31,9 млрд.теңге).

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер және 5953 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Павлодар облысына 2015 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 74 түлек келді, олар облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына, соның ішінде 11-і ауылдық жерге жұмысқа орналастырылды.

2015 жылғы 1 қазанға дәрігерлік кадрлар бойынша жетіспеушілік 15 бірлікті құрайды. (Павлодар қаласында – 6 дәрігер, Екібастұз қаласында -2, Ақсу қаласында – 1, аудандарда – 6 ).

2015 жылдың 9 айы ішінде 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы индикаторлар оң өзгерістерге жетті: жалпы өлім-жітім көрсеткіші 0,3%-ға ,1000 тұрғынға шаққанда 10,5-ке дейін, миокардтың жіті инфарктісінен өлім-жітім 13,8 %-ға, 100 мың тұрғынға шаққанда 21,7-ден 18,7- ге дейін, сәби өлімі 27%-ға, 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 8,9-дан 6,5-ке дейін, түберкүлез өлімінен 8%-ға 100 мың тұрғынға 5,17 -ден 4,76-ға дейін, көлік апаты жағдайынан 18,4%, 100 мың тұрғынға 16,3-тен 13,3-ке дейін төмендеді.

Облыста соңғы 2 жыл ішінде онкологиялық аурулар деңгейі жоғары болып қалуда. Бұл көрсеткіш: 2013 жылы 301,9 - 100 мың тұрғынға, 2014 жылы – 303,6 - 100 мың тұрғынға, 2015 жылы – 9 айында 219,6 - 100 мың тұрғынға.

Ауру көрсеткішінің жоғарылығы, ең алдымен жаңадан қатерлі ісіктің 6 негізі скринингтік бағдарламаларды енгізуімен байланысты. Осының нәтижесінде ерте анықталған аурулар саны артуда: 2013 жылы – 58,8%, 2014 жылы – 59,1%.

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пунктер және емханалар құрылысы» бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы жалпы сомасы 818,6 млн. теңгені құрайтын 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, соның ішінде 355,4 млн. теңге сомасына 3 амбулатория жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

Облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусының құрылысы аяқталды, жалпы сомасы 355,4 млн. теңге. Корпусты 2015 жылғы қараша айында ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шаралары аясында 25 диализді орынға нефрологиялық орталық салынды. Жалпы инвестиция көлемі 330 млн. теңгеден астам қаражатты құрайды. Қазіргі таңда нысан ашылуға дайындық үстінде.

 

Барлық жаңалықтар