• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан экономикасына түрік компанияларының салымы жөніндегі кітаптың тұсаукесері өтеді

Астанада Қазақстан экономикасына түрік компанияларының салымы жөніндегі кітаптың тұсаукесері өтеді

4 Қараша, 2013 09:59
Бүгін Түркия елшілігінде Қазақстан экономикасына салым салған 13 компанияға арналған «Түрік қозғалысы» атты кітаптың таныстырылымы өтеді. Бұл екі тарап ынтымақтастығының күшеюінің белгісі, деп Қазақстандағы Түркия елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кітапта 13 компанияның даму  барысы баяндалады», - деп хабарламада нақтыланған.

Жалпы, Қазақстан тәуелсіздік алғанының  20 жылдығының ішінде Қазақстан экономикасына түріктік салым құны 2 млрд долларды құраған. АҚШ-та бірнеше мың жұмыс орны ашылды.

Тұсаукесерде ҚР-дағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Омер Бурхан Тузель, «KAZNEX INVEST»  АҚ мен Түркия Үкіметінің жанындағы ынтымақтастық агенттігінің басшылығы қатысады.

Жинаққа «Hamle Company», «Galaksi Group», «Abdi Ibrahim», «Ata Stroy», «Ipek Kagit», «Sema Hospital», «Teksan Aydinlatma»  сынды әр түрлі бағыттағы компаниялардың қызметі мен даму барысы енгізілді. 

Барлық жаңалықтар