- Басты
- ҚР-да «Нұрлы жол» аясында 2018 жылға дейін колледждерге 24 білім беру бағдарламасы енгізіледі
ҚР-да «Нұрлы жол» аясында 2018 жылға дейін колледждерге 24 білім беру бағдарламасы енгізіледі

«Кәсіпқор» холдингі» КАҚ (бұдан әрі - Холдинг) бірлесіп, аймақтарда еңбек ресурстарын қалыптастыратын экономиканың басым салалары негізінде 10 колледж анықталды. Осы колледждердің дамуының мақсатты бағдарлары ретінде, ең алдымен, материалдық-техникалық базаны нығайту, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әлемдік стандарттарға сай оқу бағдарламаларын жаңарту арқылы білімнің мазмұнын жаңғырту болып табылады.
«ИИДМБ-2 қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2015-2016 жж. бастап халықаралық тәжірибені және индустрияландырудың талаптарын ескере отырып 8 білім беру бағдарламаларын 10 колледжге енгізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылда 2 жаңа білім беру бағдарламалары («Өнеркәсіптегі механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика», «Ақпараттық жүйелер») Көкшетау қаласының Жоғары техникалық мектебінде ендірілді және 50 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылды», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
2016-2018 жылдары тағы да жұмыс берушілердің қатысуымен 10 базалық колледждерге ендіру үшін 24 оқу бағдарламалары әзірленеді.
«Іріктелінген 10 колледж арасынан 6 колледж Дүниежүзілік банк несиесі есебінен жүзеге асырылатын «ТжКБ жаңғырту» жобасы шеңберінде 425 млн.теңге жалпы соммада заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар соңғы үш жылда осы колледждер жергілікті бюджет есебінен 323,2 млн.теңге соммасына және республикалық бюджет есебінен – 125 млн. теңге соммасына жабдықталынды. 2016-2018 ж.ж. 57 шеберханалар мен зертханаларды қосымша жабдықтау үшін жыл сайын 200 млн.теңге қажет етеді. Соңғы үш жыл ішінде осы колледждерде 225,9 млн.теңге соммасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деп ведомстводан атап өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы

