• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Берлиндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты тақырыбына айналды

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Берлиндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты тақырыбына айналды

3 Қараша, 2015 17:09
Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы: бүгінгі заманға дейінгі тарих» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының неміс тіліндегі нұсқасы таныстырылды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Шараға неміс әдебиеттанушылары, ГФР зияткерлік ортасының, қазақ диаспорасының  өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.

ҚР-ның ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және «Қазақ кітапханасы» жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясының екінші томын таныстырған Б. Нүсіпов  кітап авторының қазақ халқының мәдениеті мен әдеби мұрасының дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Шара аясында «Қазақ кітапханасын» құру бастауында тұрған неміс резиденттері, әдебиеттанушылар Леонард Кошут пен Кристина Лихтенфельд баяндама оқыды. Германияның танымал мәдениет қайраткерлері қазақ мемлекеттілігінің эволюциялық мінезін және «қазақ кітапханасы» жобасының Германиядағы Қазақстанның танымалдылығына қосқан үлесін атап өтті.

Неміс қатысушыларының айтуынша, бұл жобаның арқасында Қазақстанның бірегей мәдени мұрасы герман және еуропалық қоғамның назарына ұсынылды.

Айта кетерлік жайт, 2006 жылдан бастап Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ГФР-дың баспаларымен ынтымақ жасай отырып қазақ әдебиетінің жиырмадан аса туындыларын неміс тілінде қайта бастырды.

2014 жылы қараша қаласында Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ГФР-дағы Елшілігінің «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткерлері, жазушылары мен ақындарының неміс тілінде шығарған кітаптарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Барлық жаңалықтар