- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас Отан» жастар қанаты жобасы бойынша ҚР бірқатар өңірлерінің ЖОО түлектеріне іс-тәжірибе ұйымдастырылады
«Жас Отан» жастар қанаты жобасы бойынша ҚР бірқатар өңірлерінің ЖОО түлектеріне іс-тәжірибе ұйымдастырылады
Өңірлерде жобаға қатысушылар үшін бос жұмыс орындарын ұсынатын ұлттық, жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерімен кездесулер өтті.
«Белгілі болғанындай, ұйымдармен жаңа Меморандумдарға қол қою арқылы машықтанудан өтуге болатын ұйымдардың тізімін ұлғайту жоспарлануда. Тәуелсіз сарапшылардан тұратын арнайы ұйымдастырылған комиссия ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған ұйымдарда машықтанудан өтуге лайықты кандидаттарға іріктеу жүргізеді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Жас Отан» жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу мақсатында құрылған.
Астанада іске қосылған жобаға қазақстандық жоғары оқу орындарының 300 астам түлектері қатысып, олардың 149-ы әңгімелесуге таңдалып алынды. Конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша 79 қатысушы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап үш ай мерзімде «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазмұнайГаз» АҚ, «KAZNEX» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «КазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚазАтомПром» АҚ, АО «Казахстан Инжиниринг» АҚ секілді ұлттық компанияларда өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинап, біліктілігін көтеру мүмкіндігіне ие болды.
Үміткерлер сондай-ақ бірқатар министрліктерде машықтанудан өту мүмкіндігіне қол жеткізді.
Айта кетейік, «Сәтті қадам» жобасы аясында бүгінде бірнеше адам жұмыс орналасып та үлгерді. Мысалы, Жұлдыз Құдабаева қазіргі уақытта өзі машықтанудан өткен білім және ғылым министрлігінде қызмет етуде. Арада бір апта уақыт өткен соң ол штатқа қабылданды.
«Сәтті қадам» жобасы әрбір жастың өмірден өз орнын табуына, кәсіптік тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Ал бұдан арғысы әркімнің өз қолында. Егер кімде-кім мақсатқа ұмтылғыш болса, ол көзге түспей қалмайды. Жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға жұмысқа орналасу қиын, көпшілігіне басқа кәсіпте жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себепті де «Жас Отан» жобасы осы мәселені шешуде жақсы мүмкіндік деп санаймын, дейді жоба қатысушысы Жұлдыз Құдабаева.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері