- Басты
- Жаңалықтар
- 9 жылдың ішінде Қазақстанда жұмыссыздар саны 176 мың адамға қысқарды
9 жылдың ішінде Қазақстанда жұмыссыздар саны 176 мың адамға қысқарды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, сарапшылар жұмыссыздар арасында алғаш рет жұмыс іздеушілер үлесінің артып келе жатқанын айқындады.
«2006 жылдан жалпы жұмыссыздар ішіндегі жоғарғы оқу орындары түлектерінің үлесі 20,1%-дан (118 мың адам) 2014 жылы 28,2%-ға (124 мың), 2015 жылдың екінші тоқсанында 32,4%-ға ұлғайды. Бұл екінші тоқсанда еңбек нарығына мектеп, колледж, техникум мен ЖОО түлектерінің қосылуымен байланысты», - деп есептейді сарапшылар.
Сарапшылар бірқатар қаржылық және сараптама ұйымдарының болжамдары бойынша Қазақстан экспорттайтын мұнай және өзге де шикізат ресурстарына баға сол деңгейде сақталатын болса, онда жақын аралықта еңбек нарығындағы бос орындар санының азаюы мүмкін екендігін жобалайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары Қазақстандағы жұмыссыздықпен күрес шараларының сәттілігі «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асырумен тікелей байланысты екенін, бағдарламада жұмыссыздық деңгейі - 5%-дан көп емес, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,5%-дан артық емес, жастар арасындағы жұмыссыздық - 4,6%-дан көп болмауы туралы нақты мақсаттар айқындалғанын, сондай-ақ, жүзеге асырудың нақты бағыттары инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту; кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту; жұмыс берушінің сұранысына сай жұмысқа орналастыру мен көші-қон мәселелері бойынша жәрдемдесу мен оқыту болып белгіленгенін хабарлаған болатын.
2014 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында 167 мың адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың басынан бастап 118 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 97,4 мың азамат, уақытша жұмысқа – 20,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды