• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта құтқарушылар үшін зауыт бағасы бойынша құрал-жабдықтарды сатып алу туралы заң жобасына енген өзгертулер қаралды

Сенатта құтқарушылар үшін зауыт бағасы бойынша құрал-жабдықтарды сатып алу туралы заң жобасына енген өзгертулер қаралды

3 Қараша, 2015 12:50
ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

«Біз ҰҚШҰ мүше мемлекетерге ішкі зауыт бағасы бойынша  құтқару бөлімдері үшін құрал жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік беретін 2007 жылы қол қойылған келісімге өзгертулер енгіздік. Олар тікұшақтар, жеке өрт сөндіру жүйесі, хабарландыру жүйесі. Бұл өз кезегінде бюджет қаржысын үнемдеуге және заңнамалық негізін айқындауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко заңжобасын таныстыру барысында.

Айта кетерлік жайт, жыл сайын авиациялық техниканы есептемегенде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 6 млрд теңге бөлінеді.

Заң жобасы алдағы уақытта Сенаттың жалпы отырысына шығарылатын болады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар