ЕЭК ЕАЭО-ның көлік дәлізін электронды төлқұжаттау жұмысын бастайды

3 Қараша, 2015 15:19
Мәскеуде ЕЭК көлік және инфрақұрылым департаментінің төрағасы Ержан Нұрахметовтың төрағалығымен өткен инфрақұрылым мен логистика және темір жол көлігі бойынша шағын комитеттердің отырысында ЕАЭО елдерінің тасымал әлеуетін арттыру және көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды.

Инфрақұрылым мен логистика шағын комитетінің мүшелері  ЕАЭО-ның көлік дәлізін электронды төлқұжаттау жұмысын бастау туралы шешім қабылдады.

«Көлік дәліздерін электронды төлқұжаттауды енгізу халықаралық көлік дәліздеріндегі көлік логистикалық ифрақұрылымдарды дамытуды жоспарлауға, тиімді және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұған есепке алу, сараптау және бағалауды жүйелендіру арқылы қол жеткізуге болады», - делінген ЕЭК хабарламасында.

Сонымен, келелі кеңеске қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде «бір терезе» механизмі құрылатыны туралы хабарланды.   

Бұдан басқа, Темір жол көлігі бойынша шағын комитеттің отырысында темір жол көлігінде қауіпсіздік сертификатын берудің жалпы тәртібі мен талаптарының жобасы қаралды. Осы ретте аппараттық түсініктеме бойынша қайта жетілдіру туралы шешім қабылданды. 

 

Барлық жаңалықтар