- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте тұрғын үйлердің 81 пайызы жылуға қосылған – әкімдік
Шымкентте тұрғын үйлердің 81 пайызы жылуға қосылған – әкімдік
3 Қараша, 2015 14:32
Шымкент қаласында бүгінгі күнге көпқабатты тұрғын үйлердің 81 пайызы жылуға қосылған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаладағы 1762 тұрғын үйдің 1427-сі орталық жылумен қамтылған. Ал қалған 335 үйлер 10-қарашаға дейін кестеге сәйкес толық қосылады.
Бұдан бөлек, қаладағы білім, спорт, денсаулық пен мәдениет және басқа әлеуметтік нысандар жылумен 100 пайыз қамтылған.
Осы жылдың 2 қарашасына келіп түскен мәлімет бойынша облыстағы 3256 бюджеттік мекемелерге толық жылу берілген. Сонымен қатар, Арыс, Түркістан қалалары мен Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төле би, Түлкібас аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылса, Кентаудағы 327 үйдің 250-і жылуға қосылған.
Кеншілер қаласындағы үйлерге кестеге сәйкес 4 қараша күні толығымен жылу беріледі деп жоспарлануда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады