- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 9 мың жұмыс орны ашылды
Қызылорда облысында 9 мың жұмыс орны ашылды
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Арал ауданында да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейген. Арал ауданы Сексеуіл кентінің 3 азаматы бірігіп кәсіп ашпаққа бекініп, 3 жыл бұрын дүкен мен мейрамхана құрылысын бастайды. Орта жолда ортақ қаржылары таусылған әлгі үшеудің жұмысы да тұралайды.
Тығырықтан шығудың жолын іздеген кәсіпкерлер жан-жақты жағалай бастайды. Осы ретте аудандық кәсіпкерлер палатасы көмегімен өңірлік инвестициялық орталық арқылы жобаны аяқтауға 10 млн теңге беріледі. Биыл жазғытұры ашылған сауда, мейрамхана кешені қазірде сексеуілдіктерге сапалы қызмет көрсетіп келеді.
«Халыққа қолжетімді, арзан бағамен сатылып жатыр. Нанды өзіміз пісіреміз. Ауылдың 20 адамы жұмыспен қамтылып отыр», - деді жеке кәсіпкер Жанкелді Сағымбаев.
Осыдан 4 жыл бұрын жеке балабақша ашуға бел буған аралдық Туби Ибраеваның да бастаған құрылысы орта жолдан үзілген. Бұл ретте де мемлекеттік қолдау арқасында кәсіпкердің жобасына қан жүгіріп, жуырда сәулетті 125 орындық балабақша бүлдіршіндерді қабылдай бастады.
Ғасыр жобасына баланған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің салынуы да іскер аралдықтар үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр. Ғаламат жол бойында Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлік нысандар үшін 4 гектар жер телімі берілген. Қазірде жоба құны 200 млн теңгені құрайтын көлік-сервистік кешен салынуда. 60 адамдық тамақтану орны, 21 орындық қонақүй, қосалқы автобөлшек дүкені, жанармай құю мен көлік жуу бекеті және 50 көлікке арналған автотұрағы бар кешенді тез аяқтау үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 60 млн теңге несие берілген.
Ауданда негізінен екінші деңгейлі банктер және өңірлік инвестициялық орталық арқылы 304 миллион теңгеге 31 жоба қаржыландырылды, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов.
Негізінен теңізге жақын қоныстанғаны балық аулап, түздегісі түйе бағып күнелткен Арал жұрты бүгінде кәсіпкерліктің түрлі саласын дөңгелетіп отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары