- Басты
- Жаңалықтар
- «Алатау» кемесінде миналарды іздеу бойынша су жаңа станциялар орнатылады (ФОТО)
«Алатау» кемесінде миналарды іздеу бойынша су жаңа станциялар орнатылады (ФОТО)
Монолиттік шыны пластик корпусы бар су алмасуы 165 тонналы «Алатау» тартқышы телебасқарылатын суасты аппараттармен жабдықталған және 30 миллиметрлік АК-306 артиллериялық қондырғымен, калибрі 12,7 миллиметр «Корд» оқшашарымен, сондай-ақ «Игла» тасымалданатын зенит-зымырандық кешенімен жарақтандырылған. Корабльдің ұзындығы 32 метр, ені – 7 метрді құрайды, экипаж – 14 адам.
Оның жүрісінің барынша жылдамдығы - 12 торап, жүзу қашықтығы – 650 миль, автономдылығы – 5 тәулік. Бұл рейдтік тартқыштың алдыңғы үлгіден ерекшелігі мина іздеудің су жаңа гидроакустикалық станциялары, телебасқарылатын және автономдық суасты аппараттар секілді миналармен күресудегі заманауи құралдарды қолдануы болып табылады.
Сонымен қатар, корабль дәстүрлі минаға қарсы құралдарды да қолданатын болады. Арнайы тапсырмаларды орындау кезеңінде корабльге 5 адамға дейінгі жауынгерлік жүзушілер бөлімшеге қабылдануы мүмкін. Корабльдің магниттік алаңын төмендету үшін барлық құрал-жабдық бірегей жағалық сынамалау стендінде тексеру және магниттен ажырату процедурасынан өтеді.
Мина-тартқыш кораблінің экипажы, бұл дегеніміз ҚР ҚК ӘТК-нің 15 әскери теңізшісі Санкт-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясының базасында шетелдік экипаждарды даярлауға арналған Ресейдегі оқу-жаттығу орталығында тағылымдамадан өткенін айта кетейік. Су жаңа корабльде теңізге шығуды егжей-тегжейлі зерделеу үшін даярлау орталығында экипаждарды жаттықтыруға арналған нақты оқу сұлбасы жаңадан жасалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар