- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонда Британиялық және қазақстандық университеттердің форумы өтті
Лондонда Британиялық және қазақстандық университеттердің форумы өтті
Ауқымды шара қазақстандық 35 және британиялық 32 оқу орнының тәжірибе алмасатын бірегей алаңына айналды. Онда бірінші басшылар халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.
Пленарлы отырыста ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтанов, Ұлыбританияның жоғарғы білім беру бойынша халықаралық агенттігі директорының саясат бойныша орынбасары Дэн Ша, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры А. Қожахметов, Уорик Университетінің басшысы Яна Полмовски, сонымен қатар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ. Нығметов сөз сөйледі.
Кездесу аясында Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарында Ұлт жоспары «100 қадам» бағдарламасының басымдық берілген жобаларына және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына қазақстандық мамандарды даярлау мүмкіндіктері талқыланды. Форумға қатысушылар ынтымақтастықтың болашағын және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жобаларының жаңа бағыттарын талқылады.
Сонымен форум алаңы отандық жоғарғы оқу орындарының өкілдеріне қазақстандық білім беру сегментінің экспорттық әлеуетін таныстыруға мүмкіндік берді. Жалпы биртандық және қазақстандық жоғарғы оқу орындарының одан ары ынтымақтастығы туралы 100-ге жуық келіссөздер жүргізілді.
Шара қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарқа қол қойылды. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Назарбаев Университеті Кембридж Университетімен меморандумға отырды. Мұндай құжаттарға өзгеде ұлттық, мемлекеттік және екі елдің жекеменшік оқу орындарымен қол қойылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы