• Басты
  • Жаңалықтар
  • АҚШ Мемхатшысы: Қазақстан- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өте мықты үміткер (ФОТО)

АҚШ Мемхатшысы: Қазақстан- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өте мықты үміткер (ФОТО)

2 Қараша, 2015 19:58
Қазақстан- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өте мықты үміткер, деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев Университетіндегі 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне таңдау туралы дәрісінде.

«Бұл тұрғыда ештеңе айта алмаймын, себебі дауыс беру құпия жүргізіледі. Әрине, біз мықты кандидатураларды қолдаймыз. Осы орайда, Қазақстан мықты кандидатура екені анық. Бізге сәл күте тұру керек және осы үрдіс қалай өрбитіндігін көретін боламыз. Қазақстанның жүзеге асырған бастамалары бізді өте жігерлендіреді. Атап айтқанда, сіздер бітімгерлік бағытта және көптеген бағдарламалар бойынша серіктес болып табыласыздар. Сондықтан, Қазақстан өте мықты кандидатура екенін атап өткен жөн»,-деді Джон Керри.

Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж.Керри Қазақстанға тұңғыш рет келді. Ресми сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өтті. Сондай-ақ, америкалық делегация «Локомотив құрастыру зауыты» локомотив жинау зауытына барды. Дж.Керри Назарбаев Университетінде дәріс оқыды, шара кезінде ол демократияғ экономика, Қазақстанның Ұлт жоспары мен әлемдік экологияның дамуын тілге тиек етті. Дәріске ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов те қатысты.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар