• Басты
  • Жаңалықтар
  • АҚШ Мемхатшысы: ҚР Президентінің Ұлт жоспары – жүзеге асуы тиіс маңызды көрініс

АҚШ Мемхатшысы: ҚР Президентінің Ұлт жоспары – жүзеге асуы тиіс маңызды көрініс

2 Қараша, 2015 18:14
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан естіген 5 негізгі сала бойынша 100 нақты қадам жүзеге асуы тиіс маңызды көрініс, деді Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға жасаған бірінші сапары аясында Назарбаев Университетіндегі Орталық Азияның жаһандық проблемаларды шешудегі рөлі баяндамасын оқу барысында.

«АҚШ Орталық Азия елдерін барлық бастамаларды құру мен серіктестіктеріін қолдайды. Орталық Азия жақсы өмір сүрудің барлық нәтижесіне ие бола алады. Саяси немесе экономикалық шешімдер немесе болашақ мүмкіндіктері арасында таңдау жасау қажет. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан естіген  5 негізгі сала бойынша 100 нақты қадам жүзеге асуы тиіс маңызды көрініс. Сіздер кез келген елдегі жемқорлықпен келісесіздер, не болмаса заң әділеттілігін қолдайтын жетекшілерге қолдау көрсетесіздер», - деді Дж.Керри.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы айтып өткендей, Штаттар ҚР Президентінің  жаңа Жібек Жолын құру бастамасын қолдайтынын айтты.  Ол «экономикалық интеграция нөлдік нәтижеге ие болуы тиіс» екендігін айтты.

«Экономикалық саясат сыртқы және ішкі саясат болып есептеледі. Орталық Азия тек табиғи ресурстармен ғана емес, адамзаттық ресурстарға өте бай», - деді Дж.Керри.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар