• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заң жобасы қаралады

Сенатта «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заң жобасы қаралады

2 Қараша, 2015 16:34
Сенат отырысында күн тәртібі келісілді. Депутаттар онда жеті заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Парламент Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Палата Бюросының мүшелері қабылдаған Қаулыға сәйкес, депутаттар қарауына «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңының жобасы, заңнамаға екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызмет көрсету және қаржы ұйымдары мен Ұлттық Банкінің қызметі туралы мәселелер бойынша түзетулер бірінші оқылымда қарауға шығарылады.

Сондай-ақ және салық салу, кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралатын болады.

Бұдан басқа, Еңбек кодексінің жобасы, еңбекті реттеу, көші-қон, жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер бірінші оқылымда талқыланады. Сенаторлар үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістерді екінші оқылымда қарайтын болды.

Заң жобалары «100 қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.
 

 

 

 

Барлық жаңалықтар