• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов: АҚШ Бас хатшысы Д.Керридің Қазақстанға сапары екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайтуға серпін береді

К.Мәсімов: АҚШ Бас хатшысы Д.Керридің Қазақстанға сапары екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайтуға серпін береді

2 Қараша, 2015 16:04
Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға алғаш ресми сапармен келген АҚШ Бас хатшысы Джон Керримен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Америка ынтымақтастығы мәселелерінің кең ауқымын талқылап, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 

К.Мәсімов Д.Керридің Қазақстанға осы сапары екі ел арасындағы тығыз әрі стратегиялық әріптестікті, әсіресе сауда және инвестициялық салалардағы әріптестікті орнатуға жақсы серпін беретініне сенім білдірді. 

Барлық жаңалықтар