- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 533 млн теңгенің 10 мың тонна азық-түлігі сатып алынды
ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 533 млн теңгенің 10 мың тонна азық-түлігі сатып алынды
Тұрақтандыру қорын өнімдермен толықтыру жұмысы туралы «Ертіс» ӘКК төрағасының орынбасары Нұрлан Нығметов әкімдіктің кезекті отырысында баяндады.
Өскемендіктер үшін 2000 тонна картоп, 810 тонна қырыққабат, 400 тонна сәбіз, 670 тонна пияз және 120 тонна қызылша дайындалған. «Батай» және «Ұлан-Жеміс» шаруа қожалықтарының көкеніс сақтау қоймаларында сақталған жеміс-көкеніс өнімдерінің жалпы көлемі 4000 тоннаны құрайды.
Семей қаласының тұрғындарына арналған тұрақтандыру қорының 5700 тонна жеміс-көкеніс өнімдері, оның ішінде 3500 тонна картоп, 850 тонна қырыққабат, 600 тонна сәбіз, 150 тонна қызылша және 600 тонна пияз «Агрофирма «Приречное» ЖШС қоймасында сақтаулы.
Семей қаласына кезекті іссапары барысында, аймақ басшысы Даниал Ахметов «Агрофирма «Приречное» ЖШС-нің көкеніс сақтау қоймаларында болып, тұрақтандыру қорының өнімдерін сақтау жағдайын өз көзімен көріп қайтты.
Жеміс-көкеніс өнімдерін арнайы сауда нүктелерінде әлеуметтік бағамен жүзеге асыру 2015 жылдың қараша айынан басталады деп жоспарлануда. Ондай сату пункттері Өскемен қаласы бойынша -51 болса, Семей қаласы бойынша -84.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты