- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісі енгізілуде
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісі енгізілуде
Сөз басында ол ҚР ДСӘДМ аймақтардағы әлеуметтік әл-ауқатты бақылауға мүмкіндік беретін әлеуметтік проблемалар картасын жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.
«Қазіргі таңда картада медициналық ұйымдар, әлеуметтік нысандар, ана мен сәби өлімі жайлы ақпараттар, АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан адамдар саны, сонымен қатар, мүгедек азаматтар жайында мәлімет бар. Ол жетім балалар, балалардың денсаулығы, нашақорлық пен қылмыскерлік мәселелері және тағы басқа ақпараттармен толықтырылатын болады», - деп айқындады Светлана Жақыпова.
Вице-министр халықтың денсаулығын нығайту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісін енгізуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап айтты. Әрбір аудандық және қалалық емханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері бар. Республика бойынша кәсіби медқызметкерлер жұмыс істейтін осындай 359 кабинет пен репродуктивті денсаулық орталықтары қызмет етіп келеді.
Аймақтарда жаңа туған сәбиі бар аналарға арналған 27 «Аналар Үйі» - «Дом мамы» дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Орталық ашылған 2013 жылдан бастап 1045 әйелге көмек көрсетілді. Аталған орталықтағы ана мен бала аймақтық емханаға тіркеліп, психологиялық көмекпен қатар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алып келеді.
2015 жылы халықтың сауаттылығын мен хабардарлығын арттыру мақсатында «Репродуктивті денсаулықты қорғау, медициналық қызметкерлерге, халыққа кеңес беру арқылы отбасын жоспарлау, жүктілікке дайындық, дені сау баланы дүниеге әкелу» жобасын жүзеге асыру жалғастырылды.
ДСӘДМ білім және ғылым, ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, өзіне-өзі қол жұмсау превенциясы бойынша денсаулық сақтау және білім беру жүйелері үшін оқыту модульдерін жасау бойынша жоба енгізуде. Оның бірінші кезеңінде оқыту модульдері Астана қаласы мен Қызылорда облысында енгізу жоспарланып отыр, ағымдағы жылы аталған аймақтардан келген 100-ден астам мастер-тренерлер оқудан өтті. Жалпы алғанда, республика бойынша оқыту модульдерін енгізу 2017 жылы аяқталады.
Вице-министр мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу құқығын жүзеге асырудың тиімді жағдайларын жасау бойынша ҚР БҒМ-мен бірлескен жұмыс өз жалғасын тауып келе жатқанын атап айтты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері