• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Болашақ» бағдарламасының 16 стипендиаты Лондонда қазақ күресі бойынша турнирге қатысты

«Болашақ» бағдарламасының 16 стипендиаты Лондонда қазақ күресі бойынша турнирге қатысты

2 Қараша, 2015 18:29
Лондондағы Брунель Университетінің спорт кешенінде қазақ күресі бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасында алғашқы «Болашақ Барысы» түрнирі өтті. Дүбірлі дода Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Айта өтейік, турнирге британиялық университеттерде білім алып жатқан «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 16 стипендианты қатысты. Дүбірлі дода абсалютты салмақ дәрежесі бойынша өтті (70 кг жоғары).

Сайысты Ұлыбританиядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдігінің және ҚР қазақ күресі федерациясының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары ұйымдастырды. 

Жарысқа қатысушыларға қолдау көрсетуге Лондон, Шеффилд, Рединг, Манчестер, Бирменгем, Уорик университеттерінен жанкүйерлер және Қазақстаннан қонақтар келді.

Сонымен,  бірінші орынды  Айдар Қойшыбаев иеленді,  1992 жылы туылған, салмағы -  80 кг, Edgware Academy Language School білім алады.

Екінші орынды Асқар Шарапатов жеңіп алды, 1981 жылы туылған, салмағы - 84 кг, University of Sheffield Master білім алады.

Үшінші орын Дәурен Дубербаевқа бұйырды, 1987 жылы туылған, салмағы - 87 кг, London School of Economics and Political Science білім алады.

Барлық жаңалықтар