- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада қар тазалауға 2 мыңға жуық адам мен 520 техника бірлігі жұмылдырылды
Елордада қар тазалауға 2 мыңға жуық адам мен 520 техника бірлігі жұмылдырылды
2 Қараша, 2015 15:49
Астанада таңертеңнен бері қар жаууда. Елордалық коммуналдық қызмет өкілдері қала көшелерін қардан тазалау бойынша екі ауысымда және тәулік бойы жұмыс істеуде. Барлық қала аумағында 1955 жұмысшы мен 520-дан астам мамандандырылған техника қар тазалау жұмыстарына тартылған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жұмысшылар мен бөлінген мамандандырылған техника көлемі автожолдардың көлеміне қарай өзгертіледі. Атап айтқанда, Кенесары, Керей-Жәнібек хандар, С. Сейфуллин және Республика даңғылы секілді үлкен көшелерді қардан тазалау жұмыстарына ең көп көлемде жұмысшы мен коммуналдық көлік тартылған.
Бүгінгі таңда мердігер мекемелердің күшімен қала аумағынан он мың текше метрден астам қар шығарылды, сонымен қатар, мыңнан астам құм-тұз қоспасы жолдарға себілген.
Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы көлік жүргізушілерін жолда мұқият болуға, қар тазалау техникаларына кедергі келтірмеуге, көліктерді жол бойында қалдырмауға шақырады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері