• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет орта тапты қолдау үшін тиімді шешім қабылдауды білмейді – М. Бәшімов

Үкімет орта тапты қолдау үшін тиімді шешім қабылдауды білмейді – М. Бәшімов

2 Қараша, 2013 13:30
ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов министрліктердің жұмысына сын айтты.

« Менің ойымша, зейнетақы сұрағына Мемлекет басшысы араласпаса, оның қалай қалыптасуы белгісіз болары еді. Ол сән-салтанаттың салығына да байланысты», - деді М. Бәшімов.

Сарапшының айтуынша, сән-салтанатқа салықтың көтерілуі  орта тапты қозғамауы керек. Ол тек бақуатты адамдар қатарына қатысты болуы керек, әлемде осындай үрдіс жүзеге асуда.

Айта кетейік, 2013 жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» партиясының   XV сьезінде оның төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депуттардың орта тап өкілдеріне салықтың көтерілуі әсер етпеу керек деген пікірді қолдаған болатын.

«Мен 5 жыл бұрын бұйырғанымдай, сән-салтанат салығы, зәулім үйлер мен қымбат көліктер, алкоголь, темекіге қосымша салық түрін енгізу қажет. Бұл жерде қызмет ауқымы үлкен. Бұл қалыпты азаматтық және патриоттық ұстаным болмақ», - деді Нұрсұлтан  Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар