- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 130 орындық ескек есу спорт кешені ашылды
ОҚО-да 130 орындық ескек есу спорт кешені ашылды
2 Қараша, 2015 17:19
Оңтүстік Қазақстандағы «Бадам» су қоймасының маңынан байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимараты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Елімізде теңдесі жоқ бұл кешен су және ескек есу спорт түрлері үшін әмбебап оқу жаттығу базасы болып табылады.
130 адамға арналған заманауи спорт ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков қатысты. 8 гектар аумақты алып жатқан спорт базасында бір мезгілде жүзден астам спортшы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізе алады.
Мұнда спортшыларымызға жатын бөлме, екі жаттығу залы, 50 адамға арналған асхана мен монша қарастырылған. Сонымен қатар, екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары бар.
Бүгінде, оңтүстіктің ескек есуден құрама командасы олимпиадаға жолдама алу үшін Индонезиядағы Азия чемпионатында сынға түсуде.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды