- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша 137,3 млн теңгеге 40 жоба қаржыландырылды
Қазақстанда «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша 137,3 млн теңгеге 40 жоба қаржыландырылды
2015 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҰҰ ДБ бойынша сомасы 91,7 млн теңгені құраған пайызсыз займ тартты. Ал, Қор бағдарламаға 183,6 млн теңге салуда.
Қорғалатын табиғи аймақтарға жақын орналасқан ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы бойынша 275,3 млн теңге жұмсалады.
Бұл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен БҰҰ ДБ арасындағы алғашқы келісім емес. 2008-2013 жылдары «Табиғи орта» бірлескен жобасы жүзеге асырылды, оның аясында қорғалатын табиғи аймақтарға жақын орналасқан ауылдардың 154 тұрғыны жалпы сомасы 221,4 млрд теңгені несиеге алды.
«Эко-Даму» бағдарламасының шарты бойынша микронесие 4,5 жылға жылдық 4% үстемақымен береді, ал тиімді жылдық ставка 4,43% аспайды. Бір займшыға берілетін займ сомасы 100 АЕК-тан 5 400 АЕК-қа дейін қарастырлаған. Бағдарлама еліміздің үш аймағында жүзеге асырылуда – Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында.
«Эко-Даму» бағдарламасы бойныша Қор клиенттерінің қатарына Қызылорда облысынан Қазалы ауданының 22 тұрғыны қосылды, олар 70,8 млн теңгеге қаржыландырылды. Қазалы қаласы ресми түрде экологиялық апаттың арал маңы аймағына кіреді.
Іле-Балқаш табиғи резерват, Алтын-Емел табиғи паркі орналасқан Алматы облысында жалпы сомасы 116,5 млн теңге болатын 23 займ қаржыландырылды. Олардың қатарында омарташылық, құс шаруашылығы және т.б. бар.
Маңғыстау облысының Қаракиян ауданында наубайханалар мен кішігірім жылыжайларды ашу бойынша жобалар қаржыландырылды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты