- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлы жол: «Тараз химия паркі» АЭА құрылысы 34 млрд теңгеден асты
Нұрлы жол: «Тараз химия паркі» АЭА құрылысы 34 млрд теңгеден асты

«2012 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 10-шы арнайы экономикалық аймақ «Тараз химия паркі» құрылды. Қызметтің бағыты – ҚР-да жаңа жоғары технологияларға негізделген химия өнімі өндірісін жасақтау. Жобаны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте - 2014-2016 жылдары сыртқы инфрақұрылымның құрылысы. Сыртқы инфрақұрылымға 5,8 км созылған сырттан келетін жол - 65%-ға орындалды; темір жол - 6,4 км, вагон айналымы 2025 жылы тәулігіне 185 вагонға дейін жетеді - 49%-ға орындалды; магистралды су құбыры - 35,5 км; электр энергиямен және газбен қамтамасыз ету желісі - 9,8 км. Бірінші кезең 2016 жылы қыркүйек айында аяқталады. Екінші кезең 2016-2018 жылдарға есептелген. «Тараз химия паркі» АЭА Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан. Жобаның жалпы құны 34 186, 7 млн теңгеден асты», - деп хабарлады Д. Анасов.
Белгілі болғандай, экономикалық аймақта 16 химия зауыты орналасады. Бүгінде жобаның үш ірі қатысушысы тіркелеген: «ХИМ-плюс» ЖШС «Күйдіргіш сода мен хлор өндірісі» және «Глифосат пен, үшхлорлы фосфор өндірісі» жобаларымен, «QADAM Industries» ЖШС «Пестицидтер және өзгеде агрохимия өнімдері өндірісі» жобасымен, «Қызылордамұнайгаз» ЖШС «Метанол өндірісі» жобасымен.
Күтіліп отырғандай, басымдық берілген инвестициялық жобалар қатарына глифосат, контейнерлер өндірісі, өсімдіктерді қорғау және өсімін қамтамасыз ету заттарының өндірісі, әк өндірісі және т.б. жатады.
«Бүгінде біз сыртқы және ішкі инфарқұырылмдарды дайындаудамыз. Инвесторлар өз нысандарын салуда, олардың одан ары дамуына біз жауап беретін боламыз», - деп толықтырды атқарушы директор.
ҚР-ның Жамбыл облысында АЭА салу өңірдің бай шикізат базасымен ерекшеленеді және ол химия өндірісінің түрлі түрлерінің дамуына жақсы мүмкіндіктер береді.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында «Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын», деген болатын.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
-
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді
-
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады

