- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Д. Керримен кездесті
Н.Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Д. Керримен кездесті
Қазақстан Президенті Дж.Керридің біздің елге және осы өңірге алғашқы сапармен келгеніне ризашылық білдірді.
«Таяуда мен Нью-Йоркте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездестім, екіжақты ықпалдастық мәселелері жөнінде сөйлестік. Біздің республикамыз желтоқсанда 24 жылдығы тойланатын тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бері Сіздің елмен ынтымақтасып келеді, егемендігіміз бен экономикамыздың дамуына ұдайы көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін Қазақстан халқы риза. Бүгінде елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Біз осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын айтты. Осыған байланысты Б.Обаманың бұл бағыттағы бастамаларына Мемлекет басшысы қолдау білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Б.Обаманың Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай және ДАИШ топтарына қарсы күрес мәселелері талқыланған келіссөздерінің қорытындысын АҚШ Мемлекеттік хатшысы жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, Дж.Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді.
«АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Бүгін мен Америка сауда палатасының Қазақстандағы өкілдерімен кездестім. Олар өздерінің Сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттанатындарын білдірді», – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады