• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді жолын қарастырмай отыр – М. Бәшімов

Үкімет көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді жолын қарастырмай отыр – М. Бәшімов

2 Қараша, 2013 12:50
ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов министрліктер кабинетінің көлеңкелі экономика саласы бойынша баяу жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді жолдарын қарастыруды жүктеген болатын.

Марат Бәшімов министрліктердің көлеңкелі экономика саласында тиімсіз жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол қаржы полициясы  жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Заңгердің айтуынша, олар жасалған қылмысты тергеумен ғана емес, заңсыз тасымалданған мұнайды тәркілеуі тиіс.

Сонымен қатар, заңгер Қазақстанның алкоголь нарығы 50 пайызға жетіп тұрғанын айтты. Бұл көрсеткіш өзге елдерде 8-15 пайызға тең.

«Жұмысты БАҚ, азаматтық қоғам байқайтындай етіп жасау керек. Өкінішке қарай, бұл сұрақтар соңына дейін құрастырылмаған. Біз бұл саясатқа жауап беретін тұлғалардан жауап көріп тұрған жоқпыз», - деп түйіндеді Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры.

Барлық жаңалықтар