• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК-нің саперлері оқу-жаттығу полигонының аумағын жарылу қаупі бар құрылғылардан тазартты (ФОТО)

ҚР ҚК-нің саперлері оқу-жаттығу полигонының аумағын жарылу қаупі бар құрылғылардан тазартты (ФОТО)

2 Қараша, 2015 20:28
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу полигонында 2015 жылға арналған жоспарға сәйкес снарядтарды залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің жеке құрамы инженерлік-саперлік қызмет бастығы майор Жасұлан Әшірбековтің басшылық етуімен екі апта бойы жарылу қаупі бар құрылғылардан снарядтарды залалсыздандыру және полигонның аумағын тазарту жөнінде жұмыстар өткізді. 

 Әскери қызметші саперлердің айтуынша, іс-шара сәтті және еш қиындықсыз өтті. Оқу-жаттығу орталығы полигонының аумағын тазарту бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін жауынгерлік жоспарға сәйкес  әскери қызметшілерге оқ атуға рұқсат беріледі.

 ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері бейбіт уақытта өздерінің өмірін тәуекелге бел байлап, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын бірден-бірі болып табылады.

Қазақстандық армияның әскери саперлері Қазақстанның қалалары мен ауылдарының тұрғындарымен кездейсоқ тауып алынған жауынгерлік гранаталарды залалсыздандырады, миналарды минасыздандыру және алыс қашықтықта орналасқан полигондарға шығару жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізеді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар