• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Д. Ақышевтың кандидатурасын Ұлттық банк төрағалығына тағайындауды мақұлдады

Сенат Д. Ақышевтың кандидатурасын Ұлттық банк төрағалығына тағайындауды мақұлдады

2 Қараша, 2015 12:54
ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Д. Ақышевтың кандидатурасын Ұлттық банк төрағалығына тағайындау мақұлданды.

 «Сенат Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына, 55-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев  Ұлттық банк төрағасы лауазымына Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөніндегі ұсынысын мақұлдады. Сенат депутаттары Президенттің шешіміне қолдау танытып, бірауыздан келісім берді. Конституция талаптарына сәйкес, Президент Сенатқа Ұлттық банк төрағасын тағайындауға келісім беру үшін ұсыныс енгізді», - деді Сенат отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин. 

Айта кетейік, ҚР Президенті өз Жарлығымен Қайрат Келімбетовті ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатқан болатын.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар