- Басты
- Жаңалықтар
- Академияда Ресей Федерациясының 40 мемлекеттік қызметшілерінің халықаралық тағылымдамасы басталды
Академияда Ресей Федерациясының 40 мемлекеттік қызметшілерінің халықаралық тағылымдамасы басталды
Ашылу салтанатында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Бөлім меңгерушісі Марат Дәуешов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Әли Көмекбаев қатысты.
Алғаш рет өткізіліп отырған бұл тағылымдаманы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен бірлесіп, ұйымдастырды.
Тағылымдама бағдарламасына Ресей Федерациясының 24 өңірінен, атап айтқанда федералдық деңгей, Федерация субъектілері мен Мәскеу қ., Татарстан Республикасы, Дағыстан, Ингушетия, Краснояр өлкесі, Камчатка өлкесі, Владимир, Брянск облыстарынан келген 40 мемлекеттік қызметші–жастар қатысады.
Тағылымдама бағдарламасы ресей тарапының сұранысы бойынша құрастырылған және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен, ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасымен, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимыл практикасымен, елорда – Астана қаласының даму келешегімен таныстыруды көздейді.
Екі апталық оқыту барысында лекциялар мен практикалық сабақтарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ұлттық экономика, инвестициялар мен даму, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингінің, «Даму» Қорының, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және басқалардың жетекші сарапшылары жүргізеді.
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесулер және Астана қаласының әкімдігі мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көшпелі сабақтар өткізу жоспарланған.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды