- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жұмыспен қамту орталығы 4500 адамды жұмыспен қамтыды
Астананың жұмыспен қамту орталығы 4500 адамды жұмыспен қамтыды
«Жұмыспен қамту орталығының көмегiне жыл басынан берi 10 мыңға жуық адам жүгiнген. Оның iшiнде шамамен 4500 азамат жұмысқа орналасты, яғни, әрбiр екiншi тұрғын жұмыспен қамтылды Ал тиiстi бiлiктiлiгi жоқ адамдарға бiз қайта даярлаудан өткiзетiн оқуды ұсындық. Осындай қайта даярлау курсына биылғы жылдың он айында 627 адам жiберiлдi», - деді Олжас Омар.
«Жоғары және орта кәсiби бiлiмi бар түлектер үшiн бiз ақысы төленетiн жастар тәжiрибесiнен өтудi ұсынамыз. Осы жылы шамамен 585 адам жастар тәжiрибесiне жiберiлдi. Айына 40 мың теңгенi мемлекеттiк жұмыспен қамту орталығы төлейдi. Халықтың мақсатты топтарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудың бағдарламасы бар. Яғни, бұл жұмыс берушiге еңбекақыны субсидиялау», - дедi орталық директоры.
О.Омар жұмыссыздарды, сонымен қатар, уақытша жұмыстарға, яғни, ақысы төленетiн қоғамдық жұмыстарға да жiберiлетiнiн айтты. Биыл 1700 адам осындай жұмыстарға жiберiлген.
«Бiлiм алып жатқан жастар үшiн де қосымша қаражат көзiн табу шарасы қарастырылған. Яғни, олар жарты күн жұмыс iстесе, жарты күн бiлiм алады. Осы жылы шамамен 1500-ге жуық адам осындай шарамен қабылданды. Жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесiн де тұрақты өткiзiп тұрады. Осы жылы мұндай 12 жәрмеңке ұйымдастырылды», - деген ол бос орындар жәрмеңкесi адамдар көп шоғырланған сауда үйлерi, бекеттер, базарлар, оқу орындары, мектептер секiлдi жерлерде өткiзiлетiнiн айтты.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес