• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАвтоЖол» венгрлік әріптестермен ҚР-да Ақылы стратегияны әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде

«ҚазАвтоЖол» венгрлік әріптестермен ҚР-да Ақылы стратегияны әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде

3 Қараша, 2015 09:28
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басшылығы «TOLL SERVICE PLC» венгрлік компаниясы өкілдерімен кездесіп, ҚР-да Кешенді ақылы стратегияны әзірлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан мен Мажарстан республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына жаңа ақылы жүйе енгізу үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойған болатын.

«КазАвтоЖол» АҚ делегациясы Будапештке барған сапар аясында венгрлік технологияны Қазақстанға енгізу және ақылы жолдарды электрондық жүйе арқылы басқару тәжірибесін меңгеруді көздеген аталған құжатқа қол қойды.

Өткен аптада «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басшылығы «TOLL SERVICE PLC» венгрлік компаниясы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде «ҚазАвтоЖол» өкілдері ҚР-да ақылы стратегияны әзірлеу барысында тәуелсіз эксперт ретінде венгр компаниясын тарту мүмкіншілшіктерін қарастыратынын атап айтты.

Өз кезегінде, Кешенді ақылы стратегияны ҚР-да әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк несиелерінен қаражат қарастырылған.

Кездесу нәтижесінде «Toll Service PLC» өкілдері Қазақстанға ақылы жүйе енгізу үшін әлемдік әзірлеушілердің ең жақсы ұсыныстарын дайындауға ниет білдірді.

Айта кетсек, қазіргі таңда Үкіметтің шешімі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жергілікті қаражат есебінен 2 учаскіге ақылы жүйе енгізуді, сондай-ақ Астана – Щучье автожолындағы іске қосылған ақылы жүйені модернизациялауды жоспарлауда.

Ақылы Стратегия аяқталғаннан кейін «ҚазАвтоЖол» республикалық маңыздағы автокөлік жолдарында ақылы жүйені дамыту және стратегиялық әріптестерді тарту бойынша өз жұмысын жалғастырады.

 

 

Барлық жаңалықтар