- Басты
- Жаңалықтар
- Әуе нысаналарын анықтау бойынша Әуе қорғанысы күштерінде кенеттен тексеру өткізілді (ФОТО)
Әуе нысаналарын анықтау бойынша Әуе қорғанысы күштерінде кенеттен тексеру өткізілді (ФОТО)
3 Қараша, 2015 08:37
Ағымдағы жылдың 31 қазанында әуе нысаналарын айқындау, басып алу бойынша Әуе қорғанысы күштерінің кезекші күштері мен құралдарының әзірлігі мен қабілеттілігінің жай-күйін кенеттен тексеру жүргізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұшақтар (оқу нысаналары) Әуе қорғанысы күштеріне белгісіз берілген бағдарлар бойынша еліміздің әр нүктесінен ұшып шықты. Әуе қорғанысы күштеріне оларды басып алу және шартты жою жөнінде уақтылы анықтау және шаралар қабылдау тапсырмасы берілді.
Кенеттен тексеру барысында тактикалық-жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, ӘҚК-нің бөлімшелерін дабыл бойынша көтерумен іс-қимылдарды пысықтауға ерекше көңіл бөлінді.
Тосыннан тексерілуге МиГ-31 жойғышының экипаждары, Ми-17-нің 2 тікұшағы мен ТЛ-2000-ның 3 ұшу аппараты, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдері, бөлімшелері және Әскери-әуе күштерінің экипаждары тартылды.
Нәтижелері бойынша кенеттен тексеріске қатысқан кезекші күштердің іс-қимылдары талқыға салынады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр