• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын баяу орындауда – М. Бәшімов.

Қазақстанның үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын баяу орындауда – М. Бәшімов.

2 Қараша, 2013 12:05
ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов үкіметтің жұмысын сынға алды. Оның ішінде Мемлекет басшысының 11 қазан күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмалар тілге тиек болды.

«Біз үкімет жұмыс жасап жатқандығын көріп отырмыз, алайда ол өте баяу жүзеге асуда. Жауап берді ме, болды, тынышталды. Кешірерсіздер, бірақ бұл өте өзекті сұрақ. Тапсырма жүктелгеннен кейін бір ай өтті. Бұл уақыт аралығында қаншама жұмыс  тындыруға болар еді. Өкінішке қарай, бұл жұмыс соңына жетпей отыр. Бұның бәрі есеп беру үшін ғана жоспрланып жатқандай болып көрінеді», - деді Бәшімов.

Мемлекеттік сатып алынымдар көлеңкелі экономиканың негізі. Оның айтуынша, шенеуніктер өз есептерінде бюджеттік қаражат пен әкімшілік үрдістерді көшіріп отырады.

«Жаңа заң жобасына белгілі пішіндерді енгізіңдер. Қараша, желтоқсан айында мемсатып алуды жүзеге асырамыз дегендей. Мердігер қаңтардан бастап іске кірісетіндей етіп», - деп заңгер толықтырды. 

Барлық жаңалықтар