Шымкентте 31 мыңнан астам декоративтік ағаш түрлері отырғызылады

2 Қараша, 2015 10:23
Шымкентте жыл соңына дейін 31 мыңнан астам декоративтік ағаш түрлерін егу жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жасыл аймақ» бағдарламасының аясында облысымызда көшет отырғызу акциясы жалғасын табуда. Ағаш отырғызу шарасына облыс және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері қатысты.

 Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы мен қала көшелеріне арша, емен және қарағайдың 800-ге жуық көшеті отырғызылды.

Жыл соңына дейін қала бойынша 31 мыңнан астам түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш түрлері егіледі деп жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар